18 сәуір 2014 12:38

Білім және ғылым министрлігі 8 млрд теңгеден астам қаржыны тиімсіз пайдаланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас прокуратурасы. Фото Бас прокуратураның баспасөз қызметінен алынды ҚР Бас прокуратурасы. Фото Бас прокуратураның баспасөз қызметінен алынды

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі 8 миллиард теңгеден аса қаржыны тиімсіз пайдаланған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 


Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі 8 миллиард теңгеден аса қаржыны тиімсіз пайдаланған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

"Бас прокуратура Білім және ғылым министрлігі қызметіндегі 2011-2013 жылдары кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша өңіраралық орталықтар құрылысы үшін бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізді, осы ретте құрылыс бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда айтарлықтай кемшіліктер анықталған. Министірліктің және оған ведомстволық бағыныстағы "Қазақстан Республикасының салынып жатқан білім және ғылым объектілерінің дирекциясы" ЖШС лауазымды тұлғалары тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар нәтижесінде 8,3 млрд теңге мөлшерінде республикалық бюджеттің мемлекеттік қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілген",- делінген бүгін таратылған хабарламада.

Президенттің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жастардың кәсіптік білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 2014 жылға Атырау қаласында мұнай-газ саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін, Шымкент қаласында өңдеу және Өскемен қаласында машина жасау салалары үшін 4 өңіраралық кәсіптік орталықтың жұмыс істеуі қарастырылған.

"2011-2013 жж. аралығында республикалық бюджеттен өңіраралық орталықтар салу үшін Министрлікке 11,4 млрд теңге бөлінген. Алайда жоспарланған 4 нысанның ішінде тек біреуі ғана Атырау қаласында салынып, пайдалануға берілген",- деп атап өтті Бас прокуратурадан.

Бас прокуратураның хабарлауынша, 2013 жылы қарашада Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұз қаласындағы өңіраралық кәсіби орталықтың құрылысы барысында орындалған жұмыс көлемін асырып көрсету және олардың жобалау-сметалық құжаттамадан 10,8 млн теңгеге ауытқу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта Екібастұз қаласындағы кәсіби орталықтың құрылысы құрылыс нормативтерінің өрескел бұзылуына байланысты тоқтатылды, өйткені ол монолиттік жабындардың майысуына, салмақ түсетін темірбетон конструкцияларының жарылуына әкеп соқтырған.

Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Өскемен қаласындағы өңіраралық кәсіби орталықтың құрылысы барысында 1,1 млрд теңге сомаға бюджеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметовке және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуін аяқтады, оларға Қылмыстық кодекстің 176-бабы 4-бөлігінің "б" тармағы (қызмет бабын пайдаланып бюджеттік қаражатты ірі көлемде ұрлау) бойынша айып тағылды. Қазіргі таңда айыпталушылар мен олардың қорғаушылары іспен танысуда.

Ведомствоның мәліметінше, Шымкент қаласындағы өңіраралық кәсіби орталықтың құрылысы да жер дауына байланысты іске асырылмаған. Атап айтқанда, Шымкент қаласының әкімдігі кәсіби орталықтың құрылысы үшін бөлінген жер учаскесінің бөлігін жекеменшікке берген. Нәтижесінде орталықтың құрылысы тоқтатылды, ал жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына сатып алу салдарынан мемлекет мүддесіне 40,9 млн теңге сомаға залал келтірілген. Онымен қоса, орталық құрылысы бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мерзімі бір жыл бұрын аяқталғанына қарамастан, Министрлік оны ұзарту немесе берешек сомасын (367,4 млн. теңге) өндіріп алу жолымен шартты бір жақты тәртіппен бұзу туралы мәселе бойынша қазіргі таңға дейін шешім қабылдамаған.

Атырау қаласында өңіраралық кәсіби оқу орталығын салу кезінде де едәуір заң бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстары көптеген кемшіліктермен жүргізілген, нәтижесінде құрылыс 14 айдың орнына 5 жылға созылған. Бұдан басқа, Атырау облысының прокуратурасы объектіде 3,3 млн теңге сомасына орындалмаған, бірақ төленген жұмыс көлемін анықтады.

"Осыған байланысты Атырау және Шымкент қалаларында Орталықтар құрылысына бөлінген бюджет қаражаттарының жұмсалуын тексеру материалдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. Тексеру қорытындысымен Бас прокуратура Білім және ғылым министірлігіне заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізді. Орын алған заң бұзушылықтар жайлы Қазақстан Республикасының Үкіметіне де хабардар етілді", - деп қорытындылады Бас прокуратура.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети