05 маусым 2015 14:31

Білім министрі ҰБТ-да 125 балл жинаған түлектерді құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аслан Сәрінжіпов. © mgorod.kz Аслан Сәрінжіпов. © mgorod.kz

ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары балл алған түлектерге жазбаша құттықтау хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары балл алған түлектерге жазбаша құттықтау хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өздеріңнің көрсеткен нәтижелеріңмен сіздер тек ерекше ой қабілеттіліктеріңнің жоғары екендігін көрсетіп қана қоймай, білімге деген құштарлық пен еңбекқорлық мінездеріңді дәлелдей білдіңдер", - делінген құттықтау хатында.

Сонымен қатар, білім беру ведомствосының басшысы тер төгіп, мектеп қабырғасында білім алған еңбектің жемісі ендігі кезеңде беделді жоғары оқу орындарына түсуге айқара есік ашып тұрғанын айтып өтті.

"Болашақта қандай мамандық таңдауларыңызға қарамастан, көшбасшылық пен табыс сіздер үшін жақсы дәстүр бола берсін", - деді министр Сәрінжіпов.

Еске сала кетейік, ҰБТ-ның үш ағымы бойынша ең жоғары балдық нәтижені төрт оқушы көрсетті. Олар: Гүлназ Ердосова, Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі, Риана Мұстафина, Астана қаласының №59 мектеп-лицейінің түлегі, Сымбат Самат, БҚО Теректі ауданының "Үміт" лингвистика гимназиясын бітіруші түлек және Лаура Абдразимова ОҚБ Түлкібас ауданының үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети