30 маусым 2014 13:32

Білім саласындағы жемқорлығы асқынған өңірлер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Лукин. ©Ortcom.kz Андрей Лукин. ©Ortcom.kz

Ақордада жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық комиссияның отырысында Қаржы полициясы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин білім саласындағы жемқорлығы асқынып тұрған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақордада жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық комиссияның отырысында Қаржы полициясы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин білім саласындағы жемқорлығы асқынып тұрған өңірлерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, еліміздің білім беру жүйесінде жемқорлық қылмыстарының саны көбейе түсті. "Жедел-тергеу тәжірибесіне жүргізілген талдау білім саласында тіркелген қылмыстардың жыл сайын артып отырғанын көрсетеді. 2013 жылы қаржы полициясы 221 қылмысты анықтаса, биыл алғашқы тоқсанда 121 қылмыс тіркелді. Білім саласындағы қылмыстар республиканың барлық аймағына тән, дегенмен мұндай қылмыстардың саны Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астанада қаласында көп тіркеледі", - деді Лукин.

"Білім және ғылым министрлігінің қаржы басқармасының бастығы Қалдыбаевқа және осы министрліктің жастар саясаты басқармасының бастығы Ыбыраевқа қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр, аталған тұлғалар орындалған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойып, қызмет бабын пайдаланып, бюджет қаражатын ысырап еткен. Олар жымқырған қаржының жалпы сомасы - 90 млн теңге. 1 млрд 100 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша Білім және ғылым министрінің орынбасары Шаяхметовке және бірнеше мердігер ұйымның басшысына қатысты қозғалған іс сотқа жіберілді", - деді Лукин.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети