20 қазан 2015 17:14

Бөгенбай батырдың ұрпақтары оның дулығасын мұражайға сатқалы жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Ерейментау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұсынған сурет Ақмола облысы Ерейментау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұсынған сурет

Қанжығалы Бөгенбайдың ұрпақтары батырдың дулығасын ұзақ уақыттан бері сақтап келеді, алайда олар оны еліміздегі мұражайлардың біріне сатуды ұйғарған. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне Ақмола облысының тұрғыны, аты аңызға айналған батырдың ұрпағы Жабай Кенжалин айтып берді.


Қанжығалы Бөгенбайдың ұрпақтары батырдың дулығасын ұзақ уақыттан бері сақтап келеді, алайда олар оны еліміздегі мұражайлардың біріне сатуды ұйғарған. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне Ақмола облысының тұрғыны, аты аңызға айналған батырдың ұрпағы Жабай Кенжалин айтып берді.

Жабай Кенжалин Ақмола облысы Ерейментау ауданы Малтабар ауылында тұрады. Ауылдастарының барлығы отбасылық жәдігерден хабардар. "Бұл дулыға әкем Батырқожа оны сақтап қою үшін бергеннен кейін менің қолыма түсті. Біз үш ағайындымыз, мен ортаншымын. Мен 8-буын арқылы Бөгенбайдың тікелей ұрпағы болып келемін. Ал дулыға ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ешқашан жоғалмаған", - деді ол.

Кенжалиннің айтуынша, 1941 жылы әкесінің туған ағасы майданға аттанған. Алайда ол соғыстан үйіне оралмаған, хабарсыз кетіпті. Бірақ оның майданға аттанбас бұрын дулығаны Ерейментау шахталарының біріне балтамен және белдікпен бірге тығып кеткені белгілі. Құнды дүниелер ұзақ уақыт бойы осылай сақталған, себебі олардың отбасы сол заманда дәулетті деп есептеліпті. Кейін балта мен белдік Алматының мұражайына берілді, ал дулыға Жабай Кенжалиннің үйінде сақтаулы.

Ер адамның сөзіне қарағанда, ол қазір Ерейментау теміржол станциясында еңбек етеді, ол және оның туыстары дулығаны еліміздегі мұражайлардың біріне табыстауға дайын, алайда тегін емес. Бұған дейін түрлі қаланың мұражайларынан мамандар барып, сараптаманың жасалатынын айтқан, бірақ байланыс үзіліпті.

"Мен жалғыз тұрмаймын, сондықтан дулығаға қандай бағаны ұсыну керегін білмеймін. Сонымен қатар, менің ағам мен інім бар, біз бөлісеміз. Қазір нақты бағасын айта алмаймын. Бауырларыммен баға мәселесін талқыладық, олар көреміз деп жауап берді", - дейді ер адам жоспарлары туралы.

Сонымен қатар, Ерейментау қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайының мамандары дулығаның түпнұсқалылығына қатысты пікір айтты. "Қожайын дулығаның шыққан мерзімін анықтау үшін сараптама жасатқысы келген, бірақ ол тым қымбат. Бірақ біз дулығаның Бөгенбайдыкі екеніне сенеміз: 300 жыл өтті, ал қазақтар ырымшыл халық, ондай заттарды сақтайды. Сондықтан ол түпнұсқа деп ойлаймыз", - деді мұражайдағылар. 

Қанжығалы Бөгенбай батыр - Қазақстан тарихындағы ең даңқты қолбасшылардың бірі, ол XVIII ғасырда өмір сүрген. Бөгенбай ешқашан жеңіліп көрмеген батыр ретінде тарихта қалды. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, дереккөздеріне сенсек, батыр Ақмола облысы Ерейментау ауданында ат үстінде отырып ажалымен қауышқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети