"Болашақ" бағдарламасы өзгерді

21 Сәуір 2015, 12:01
1
"Болашақ" бағдарламасы өзгерді - @Tengrinews.kz
@Tengrinews.kz

"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халықаралық бағдарламалар ортылығы" АҚ президенті Ғани Нығметовқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, 2015 жылдың 13 сәуірінен бастап "Болашақ" бағдарламасына құжаттар қабылдау жаңа ереже бойынша жүзеге асады.

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде спикер бұл жылы да бұрынғысынша квоталы категориялар бойынша мемлекеттік қызметкерлер мен ғылыми-педагог мамандар, ЖОО түлектері мен мәдениет және БАҚ қызметкерлері мен жеке үміткерлер өтініш білдіре алады. Инженерлер медициналық қызметкерлер мен ғылыми-педагогтар үшін тәжірибеден өту жобасы да жалғасады. IELTS бұрынғыша 4,0 болуы тиіс.

Тілге дайындау курсы өзгерді. "Осы жылы тіл үйренуге дайындау заң бойынша бекітілді. осы жылдан бастап қыркүйек-қазаң айларында тіл үйренуге дайындау барлық квоталық категориялар бойынша 6+6 жаңа моделімен жүреді. Яғни, алғашқы алты айда әрбір квоталы стипендиат тілдік курсты Қазақстанда Алматы мен Астана қалаларындағы тіл үйрету орталықтанының базасында өтеді. Жарты жылдан кейін ғана тіл білу деңгейін арттыру үшін шетелге барады. Сонымен қатар, тіл үйрену мерзімі 18 айдан 12 айға дейін қысқартылды", - деді Нығметов.

Оның айтуынша, магистр және PhD дәрежесі бар, бірақ бұл дәрежені "Болашақ" бағдарламасымен алмаған кез келген үміткер "Болашақ" бағдарламасының шәкіртақысына өтініш білдіре алады. Яғни, қазақстандық магистр дәрежесі бар үміткерлер де конкурсқа қатыса алады.

Айта кетейік, осы жылы республикалық комиссияның шешімімен 600 шәкіртақы бөлінді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай