27 мамыр 2017 14:47

"Болашақ" бағдарламасындағы қаражаттың бір бөлігі Назарбаев университетіне беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Болашақ" бағдарламасындағы қаражаттың бір бөлігі Назарбаев Университетіне беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Болашақ" бағдарламасындағы қаражаттың бір бөлігі Назарбаев Университетіне беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Президенті Назарбаев университетінің түлектеріне дипломдарды марапаттау рәсімінде айтты.

"Университетіміз белсенді түрде Қазақстаннан және басқа да елдерден дарындарды, ақылды әрі жас ғалымдарды іздестіруі керек. Оларға сәйкесінше грант бөлу қажет. Мен кейінірек университеттің ақылы оқуға ауысатынын білемін. Әзірше бастапқыда сіздерге мемлекет қолдау көрсетіп жатыр", - деді Президент университеттің оқытушыларына.

Сондай-ақ, ол Назарбаев университетіне қосымша қаржының бөлінгенін айтып өтті.

""Болашақ" бағдарламасындағы қаражаттың бір бөлігін осы университетке беретін кез келді. Нарықта өз идеялары мен технологияларын ұсынатын жас ғалымдар жүйелі түрде кеңес алып және оларға бастапқы капитал, ғимарат беріліп, заң қызметі көрсетілуі керек", - деді Мемлекет басшысы.

"Қазақстандағы университеттердің басшылары мен оқытушылары алдымен осында білім алып, әлемдегі оқу орындарына осы тәжірибені енгізу керек. Біздің университет ол біздің стратегиялық ұстанымымыз. Бұл Тәуелсіздік жылдары жүзеге асырылған үздік жобалардың бірі. Мұнда уақыт өте келе отандық кадрлардан тұратын мықты ғылыми мектеп пайда болады. Кешегі түлектердің өзі ғалымдар болып шығады. Олардың еңбектері бізде және шетелде бағаланатын болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Суреттер: Тұрар Қазанғапов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети