06 қаңтар 2015 18:40

Боран мен аязға байланысты еліміздің көп өңірінде ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

"Қазгидромет" кәсіпорны 7-11 қаңтар күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының жайсыз болатынын ескертеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазгидромет" кәсіпорны 7-11 қаңтар күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының жайсыз болатынын ескертеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таратылған хабарламаға қарағанда, 7-8 қаңтар күндері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қар жауып, боран болады, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. 8-9 қаңтар күндері түнгі мезгілде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 23-28 градус аязға дейін төмендейді.

8-9 күндері Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 9 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады, оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Қостанай, Ақтөбе облыстарында 9 қаңтар күні, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 10 қаңтар күні, Шығыс Қазақстан облысында 11 қаңтар күні түнде температура 23-28 градус, кей жерлерде 33 градус аязға дейін төмендейді. 

9 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласады, кей жерлерде жауын-шашын күшті болады, тұман түсіп, жер көктайғақтанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан желге ұласып, екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді. 10 қаңтар күні түнде 3-8, кей жерлерде 13-18 градусқа дейін аяз болады. 

8 қаңтар күні Қызылорда облысында жауын-шашын болады, тұман түседі, 9 қаңтар күні де қар жауып, боран соғады. Жел ұйтқиды. 9 қаңтар күні сынап бағанасы түнгі мезгілде 3-8, кей жерлерде 13-18 градусқа дейін төмендейді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети