1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Боранға байланысты Үшарал - Достық автожолы жабылды 05 қаңтар 2015, 10:34

Үшарал - Достық автожолының 83-184-шақырымдарында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты Үшарал - Достық автожолының Көктума және Достық станциялары арасындағы учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Кәсіпорынның мәліметінше, 2015 жылғы 4 қаңтардан бері Үшарал - Достық автожолының 83-184-шақырымдарында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Жолды жабуға боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауы себеп болды. 

Айта кетейік, "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасаған ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, 5 қаңтар күні атмосфералық таралымдардың жүруіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, боран соғады, жел күшейеді.  



Join Telegram