Бос орны бола тұра жұмыспен қамту орталықтарын ақпараттандырмаған жұмыс берушілер жазаланады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© imagecms.net © imagecms.net

Бос орны бола тұра жұмыспен қамту орталықтарын ақпараттандырмаған жұмыс берушілер жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бос орны бола тұра жұмыспен қамту орталықтарын ақпараттандырмаған жұмыс берушілер жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, қазақстандық жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарын бос орындар жайлы міндетті түрде ақпараттандыру керек. 

"Халықты жұмыспен қамту туралы" ҚР Заңына сәйкес барлық жұмыс берушілер бос орындар (болған жағдайда) туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, пайда болған күнінен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына жiберуге міндетті", - деп хабарлады ведомсвтодағылар.

ҚР ДСӘДМ мәліметінше, жұмыс берушілер есебінің екі үлгісі қарастырылған. Бірінші үлгіде меншік түріне қарамастан барлық жұмыс берушілердің бос жұмыс орны (бос лауазым) пайда болған жағдайда үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту органдарына ақпарат жiберуге міндеттелетіні қарастырылған.

"Жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақытылы ұсынбаған болса немесе мүлде бермесе, оларға 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 98-бабында көрсетілген 10 айлық есеп көрсеткіші көлеміндегі айыппұл салынады", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Екінші үлгіде жұмыс берушілердің еңбек нарығының бірегей ақпараттық базасы мен білім беру ұйымдарын қажетті кадрларды дайындауға бағыттау мақсатында сұранысқа ие мамандықтар бойынша болжалды жұмыс орындарын құру туралы есеп беруі қарастырылған.

Есептің аталған түрін жұмыс берушілер қызметкерлер мен мамандардың болжалды қажеттілігі туралы ақпарат болған жағдайда ғана ұсынады. Болжалды жұмыс орындары туралы ақпаратты бермеген жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексі бойынша жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылмайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer