Бота Жұманованы соққыға жыққан жігітке жаза кесілді

22 Желтоқсан 2015, 12:04
0
Бота Жұманованы соққыға жыққан жігітке жаза кесілді - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz
Бота Жұманованы соққыға жыққан жігітке жаза кесілді - © Facebook
© Facebook

Бота Жұмановаға шабуыл жасаған жігіт үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өркен Мырзахан жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

"Өркен Мырзахан ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігінің 1-тармағына ("Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу") сәйкес үш жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Жұманованың сотталушыға кешірім бермейтіні хабарланған еді. Ол ер адамнан 2,5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алуға ниетті.

Еске сала кетейік, журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған болатын. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады. Кейін соққыға жығылған журналист Бота Жұманова өзінің жағдайы жайлы айтып берді. "Барлығыңа сәлем! Мен тірімін. Қазір емделіп жатырмын, бірақ басым әлі мазалайды. (...) Мен Майқұдықтанмын, біз мұндайдан жеңіле салмаймыз", - деді журналист. Алматы полициясы шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол Жаркенттің тумасы, айтуынша Ботаның БАҚ-та жұмыс істейтінін ол жаңалықтардағы видеодан кейін білген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай