1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Бозымбаев ОПЕК-тің шешіміне қатысты пікірін білдірді

© vestikavkaza © vestikavkaza

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК-тің мұнай өндіру көлемін азайту шешіміне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9-10 желтоқсанда ОПЕК-тің картелге кірмейтін елдермен кездесуіне қатысасыз ба деген сұраққа, Бозымбаев кездесуге баратындығын айтып жауап берді.

"Біз ОПЕК-тегі мұнай шығарушы алпаутыттарының бірі емеспіз, біз серіктестеріміздің ұстанымына қараймыз", - деді Бозымбаев.

Еске салайық, Венада өткен келіссөздер барысында ОПЕК-ке мүше елдер арасында 2008 жылдан бері алғаш рет мұнай өндіруді азайту туралы келісім жасалды.

Мұның алдында Энергетика министрлігі мұнай қоғамдастығының мұнай өндіруді тоқтата тұру шешімін қолдайтындығын мәлімдеген болатын.