Бір бейбіт келісім жүз жеңістен артық - Назарбаев

07 Мамыр 2017, 12:30
0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскерилерді Отан қорғаушылар күні және еліміздің әскерінің құрылыу мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Құрметті парадқа қатысушылар, барлықтарыңызды Қаруы күштеріміздің құрылыуына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Әлемнің қай бұрышында болмасын жауымыз жоқ. Біз көршілермен достық пен сенім негізінде қарым-қатынас құрамыз. Бір бейбіт келісім жүз жеңістен артық екенін білеміз", - дейді Елбасы ҚР ҚК-нің құрылуына 25 толуы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парадтың ашылуында. 

Президент Қазақстан әскері модернизацияланып жатқанын айта кетті. 

"Құрметті Отан қорғаушылар! Бүгін біздің мерекеміз, әскеріміз елімізбен бірге жаңарудың тарихи кезеңін бастан өткеріп жатыр. Ең маңызды бағыт лаңкестікпен күрес. Қазақстан кез келген қауіпке қарсы тұра алу керек, қай жақтан келсе де", - дейді Назарбаев. 

Сонымен қатар, Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаы. 

"Қадірлі отандастар, әскеріміздің құрылған күні Отан қорғаушылар және Жеңіс күнімен сәйкес келіп тұр. Фашизмді жеңген бұл сұрапыл соғыстың барлық батырларына шексіз ризамыз. Ерліктеріңіз ұрпақтарыңыздың жүрегінде мәңгі сақталады", - деп аяқтады Нұрсұлтан Назарбаев. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай