Бір топ маңғыстаулық жоғары мемлекеттік наградаға ие болды

15 Желтоқсан 2018, 21:56
0
Бір топ маңғыстаулық жоғары мемлекеттік наградаға ие болды -

Ақтауда Тәуелсіздің күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы баяндап, еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріне тоқтала кетті.

"Бірінші, шекара. Қазақстан шекарасы делимитациясы процессі толықтай аяқталды. Он төрт мың шақырымнан астам шекарамыз шегеленді. Екінші - ел бірлігі. Жүзден астам ұлт өкілі бір шаңырақ астында татулықта өмір сүріп жатыр. Үшінші, экономика. Экономиканың болашағы - индустриялық-инновациялық жобалармен тығыз байланысты. Елбасының тікелей тапсырмасымен елімізде жаппай кәсіпорындар ашылып, инновациялық дамудың даңғыл жолына түстік. Жаңа еңбек нарығын қалыптасты. Өзгелерден кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Төртінші, білім, ғылым, мәдениет. Мәңгілік Ел ретінде мәдениетімізге үлкен мән беріліп, асыл дініміз бен тілімізді және тарихи мұрамызды түгендедік. Тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық. Болашаққа бағдар "Рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" сынды халыққа бағыт беретін құнды бағдарламалар дүниеге келді. "Болашақ" бағдарламасы бойынша 10 мыңнан астам жастар шет елде білім алып, елге қызмет етіп жүр. Бесінші, сыртқы саясат. Елбасымыздың парасатты саясатының арқасында еліміздің әлем алдында абыройы асқақтап, саяси жүйесі тұрақты, экономикалық әлеуеті мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекет құрдық. Соның бір дәлелі биыл киелі Маңғыстау жерінде өткен Каспий жағалауы елдерінің бесінші саммиті. Алтыншы, елордамыз Астана. Осы уақыт аралығында Астана елдің рухани өсуі мен экономикалық дамуының қозғаушы күші болып отыр. Астана мерейтойына Маңыстаудың атынан "Достық үйін" тарту еттік", - деді облыс әкімі Тоғжанов.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы мен Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру нәтижесінде 2018 жылы Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп салынды. Облыстық Ана мен бала орталығы ашылды. Биыл қазан айында онкологиялық орталық құрылысы қайта жанданды. "Нұр капитал" аймақтық бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3,4 млрд.теңге болатын 200-ге жуық бизнес-жобалар екінші деңгейлі банктерде қарастырылып жатыр. Сонымен қатар кіші және орта бизнес субъектілері саны 46 мыңнан 51 мыңға дейін артып отыр.

"Осы жылдар аралығында елімізде бәсекеге қабілетті нарықтық экономика, жайлы инвестициялық саясат, конфессияаралық, ұлтаралық келісім, заманауи демократиялық, құқықтық қоғам қалыптасып, әлем елдерімен татулық-достыққа негізделген қарым-қатынас орнады. Татулық пен келісім, қоғамдық бірлік пен татулықтың арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықта өз орнын мығым етті. Маңғыстауда өткен Бесінші Каспий маңы мемлекеттері Саммиті соның дәлелі. Жиырма жылға созылған келіссөздер нүктесі Ақтауда қойылғаны, "Каспий теңізі статусы жайлы Ковенцияның" қабылдануы - тарихи маңызы бар сәт", - деді Ералы Тоғжанов.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достастық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін 13 адам марапатталды.

Өлкетанушы-зерттеуші Алқажан Еділхан мен "Каскор-Транссервис" акционерлік қоғамы Басқарма төрағасы Әли Сахимов "Парасат" орденімен марапатталды.

"Құрмет" ордені Сайын Шапағатов атындағы ауыл дәрігері Сайын Керелбаевқа, "Теңіз Сервис" жауапкершілігі шектеулі меріктестігі бас директоры Ғазиз Құсайынға, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірі дирижері Рахат Мәдреевке, Мағыстау облыстық мәслихат кеңесшісі Даржок Сейбағытовқа, Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Серікбай Төлетовке, еңбек ардагері Бердібек Тұрарбековке табысталды.

Үшінші дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы машинисі Аймағамбетов Киікбай, "Қаражанбасмұнайгаз" акционерлік қоғамы машинисі Қарынбаев Кенған, "Маңғыстауэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның учаске басшысы Қасымов Оразбек, "Тұрмыс Сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның дәнекерлеушісі Қошақанов Жұмағали, "Кен Құрылыс Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің оқшаулаушысы Сәрсенғалиев Наурызғали марапатталды. 

Сонымен қатар облыс басшысы 41 адамға "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медальдары мен Құрмет грамоталарын табыстады. 9 адам Маңғыстау облысының Құрметті азаматы атағын алды.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай