Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспекторға қатысты тың деректер шықты

24 Шілде, 15:26
0
Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспекторға қатысты тың деректер шықты -

"Охотзоопром" инспекторы Қаныш Нұртазиновтың өліміне қатысты істе жаңа мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев инспекторларға шабуыл жасағандарды ұстау үшін "Перехват" жоспары жарияланғанын айтты. 

Осыған дейін, Ақмола полицейлері ізін суытпай Ақмола тірек пунктінің "Охотзоопром" РМҚК Орталық аймақтық филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілерді құрықталғаны хабарланды. Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер әкесі мен ұлы болып шықты. Олар Арқалық қаласында тұрады

"Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арқалық қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Сондай-ақ, қылмыс жасалған жерден 20 шақырым жерде "Нива" маркалы автокөлік табылды. Қазіргі уақытта қорықшыны өлтірген күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болжамды қылмыс құралы мен оқ-дәрілер алынды. Бірқатар криминалистикалық сараптамалар тағайындалды. Басқа адамдардың осы қылмысты жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Іздеу шараларына ТЖК тікұшақ техникалары жұмылдырылып, ІІМ криминалдық полиция департаментінің және "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері қатысты.

Қаныш Нұртазиновты өлтіру және Самат Оспановты өлтіруге оқталу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 99- бабы, 2-бөлігі ("Аам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады - Тоқаев браконьерлер жайлы

Еске салайық, 23 шілдеде Ақмола тірек пунктінің "Охотзоопром ӨБ" РМҚК Орталық аймақтық филиалының инспекторлары Жарқайың ауданының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды өткізу кезінде ақбөкенді ату фактісі анықталған. Браконьерлердің автомашинасын қуу кезінде екі инспектор жараланып, кейіннен біреуі қайтыс болған. 1975 жылы туған екінші жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды.

Ақмола полицейлері ізін суытпай Ақмола тірек пунктінің "Охотзоопром" РМҚК Орталық аймақтық филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтады. Күдіктілер әкесі мен ұлы болып шықты. Олар Арқалық қаласында тұрады.

"45 жастағы күдікті мен оның 20 жастағы ұлы, екеуі де Арқалық қаласының тұрғыны болып шықты, полициядан жасырынып, автокөліктен құтылуға тырысты, алайда, Ақмола жедел уәкілдерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында олар Қостанай облысының аумағында ұсталды", - делінген хабарламада.

Қайтыс болған "Охотзоопром" инспекторының артында бес баласы қалды

Дереу Ақмола полицейлері күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп, ұстау жоспарын енгізді. Арнайы операцияға Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы қатысты, Жарқайың және көршілес аудандардың аумағында 10 бекет блогы қойылды.

Бұл қылмыстың ашылуы ішкі істер министрі мен полиция департаменті басшылығының бақылауында болды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай