11 қазан 2016 10:12

Бразилия ЭКСПО-2017-ге қатысу туралы шартқа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияның Фос-ду-Игуасул қаласында (Парана штаты) "Астана ЭКСПО-2017" комиссары Рапиль Жошыбаев пен Бразилия секциясының комиссары Золчир Чиапечи Бразилияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
 
Энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрлігінің үйлестіруімен халықаралық көрмеге Бразилияның атынан "Итайпу бинасионал" компаниясы - таза және жаңғыртылатын энергия өндіру бойынша әлемдік көшбасшы қатысатын болады.

1973 жылы құрылған және тең деңгейде Бразилия мен Парагваймен басқарылатын компания әлемдегі ең үлкен су электр станцияларының бірі "Итайпу"-ды пайдаланумен айналысады. Ол екі елдің шекарасында, Парана өзенінде орналасқан. "Итайпу" СЭС екі елдің экономикасы мен энергетикасында айтарлықтай үлкен рөл атқарады. Ол Бразилияның электр энергиясы қажеттілігінің 20 пайызымен және Парагвайды 80 пайыз электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Компания қызмет істей бастаған уақыттан бастап 2,3 миллиард МВт электр энергиясын өндірген.

Кәсіпорынның бірегейлігі - бұл екі елдің су ресурстарын басқарудағы, энергия көздерін келісілген түрде бөлісіп, таза және жаңғыртылатын энергия саласында жаңашыл бағдарламаларды енгізу арқылы сәтті өзара әрекет етудің үлгісі болуында.

Компания ЭКСПО-2017-де биогаз, биоэтанол шығару, күн энергиясын пайдалану, терең мұнай және газ кен орындарын өңдеу технологияларын қолдану, сонымен қатар, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту, топырақ эрозиясымен күрес, ландшафтты дамыту, орман алқабының аумағын ұлғайту, сапалы органикалық агроөнімдерді өсіру бойынша шаралар кешенінен тұратын суды тарату бағдарламасын ұсынуды жоспарлайды. Бұл бағдарлама шамамен 1 млн адам өмір сүретін, 150 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, 8 мың шаршы км жер аумағында іске асырылады.

Бразилия көрмеге қатысу туралы шартқа қол қоя отырып, ЭКСПО-2017-нің ірі павильондарының бірін бекітті, енді тақырыптық бағыты бойынша жұмыстарды бастайтын болады.  

Ұлттық компанияның мәліметі бойынша, Бразилия ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойған 83-і ел болды. Бүгінгі күні 106 ел мен 17 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындарын растады, елдер мен халықаралық ұйымдардың 99 комиссары тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети