Бразилия телеарнасы Қазақстан туралы хабар көрсетті

20 Қазан 2014, 09:56
0
Бразилия телеарнасы Қазақстан туралы хабар көрсетті - Фото: otvfoco.com.br
Фото: otvfoco.com.br

Бразилияның TV Globo танымал телеарнасы Қазақстан Республикасының Бразилиядағы елшілігінің көмегімен Қазақстан туралы бір сағаттық арнайы репортаж көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телехабардың мақсаты - жергілікті көрерменге Қазақстанды, оның халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, сондай-ақ, оның аймақтары мен табиғатын таныстыру. Тілшілер Қазақстанның ірі қалаларының сәулеті, елдің бай табиғи ландшафты, "Байқоңыр" ғарыш айлағы, Арал теңізінің мәселесі, қазақ спортының табыстары туралы әңгімеледі.

"Қазақстанда қазіргі заманғы өмір стилі мен шығыстың көне дәстүрлері ерекше әдіспен үйлесім тапқан. Қазақстанның табиғаты айтарлықтай бай, соның арқасында бұл елде экотуризмнің, тау шаңғысы спортының, белсенді тынығу мен жағажай демалысының және сауықтыру шараларының мүмкіндігі мол", - дейді TV Globo арнасының жүргізушісі.

Репотаждың анонсын мына жерден көруге болады.

TV Globo - маңызы жөнінен Бразилиядағы ең алғашқы португалтілді телекоммуникациялық компания.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай