Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Бірде-бір халық қазақтар сияқты тағдыр тәлкегіне түскен жоқ - ҚР Президенті

23 Сәуір 2015, 17:57
0
©E-history.kz
©E-history.kz

Қазақстан Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы кезінде Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихының негізгі кезеңдерін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол ғасырдың басында Столыпин реформасы кезеңіндегі шаруалардың Қазақстанға жер аударылуы барысында Ресейден, Украинадан және Беларусьтен 1 миллион 150 мың адамның иесіз жатқан жерлерді игеруге көшірілгенін атап өтті. Екі онжылдықтан кейін 30-жылдары ұжымдастыру кезінде бұрынғы КСРО-ның орталық аудандарынан біздің елге, сол кездегі мәлімет бойынша, 250 мың шаруа жер аударылды.

"Қазақстанда Сталин репрессиясы жылдарында, - деп жалғастырды Мемлекет басшысы, - 11 арнайы лагерь ашылды, онда бірнеше миллион тұтқын болды. Бостандыққа шыққанда олардың барлығы кетіп қалған жоқ". Сонымен қатар, ол соғыс жылдарында Қазақстанның фашистер басып алған территориядан эвакуацияланған адамдарды қабылдағанын ескертті. Ал 50-жылдары тың игеруге 1,5 миллион адам келіп жетті. Түрлі жабық әскери нысандарға, полигондарға 150 мыңға жуық маман, әскери және олардың отбасы мүшелері келді. 

Жалпы айтқанда, ХХ ғасырдан бері Қазақстанға 5,6 миллион адам көшірілді. Ал сол уақытта Қазақстанда 6 миллион адам болды. "5,6 көшірілгендер - бұл тарихты білмейтіндер үшін, Қазақстанды бұрыннан осындай көпұлтты болған деп есептейтіндер үшін", - деді Назарбаев. Президент бұл сөздерді адамдардың таяудағы өткенін біліп жүруі үшін айтып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы сталиндік қылмыстық ұжымдастырудың нәтижесінде тіршілігінің соңғы нысаны - малы тәркіленген 1,5 миллион қазақтың қаза тапқанын айтып берді. "Мал ұжымдық шаруашылықтарда өлді, адамдар тамақсыз қайтыс болды", - деді Президент.

Ол 1,3 миллион қазақтың репрессиядан құтылу үшін және мұқтаждықтан КСРО-дан кетіп қалғанын хабарлады.

"Сондықтан перелесендер ғана қиналған жоқ, бәріміз қиналдық, сол себепті біз бір-бірімізге деген жақындықты сеземіз. Екінші жағынан, сталиндік қылмыстық ұжымдастыру салдарынан 1,5 миллион қазақ аштықтан қырылды. Осыдан-ақ әлемде бірде-бір елдің, бірде-бір халықтың қазақ халқы сияқты демографиялық ахуалда мұндай күйреушілікті бастан кешпегенін және толық жойылып кету қаупі туындамағанын түсінуге болады. Біз тірі қалдық, топтаса білдік, қатыгезденген де жоқпыз, өшіккен де жоқпыз, ХХ ғасырдың қатаң қасіреті үшін ешқашан ешкімді кінәлаған да емеспіз. Біз төтеп бере білдік, сталинизмнің бүкіл кінәсіз құрбандарына көмектестік, өз төңірегімізге барлық этностар мен конфессияларды біріктіре отырып, өз тәуелсіздігімізге бейбіт жолмен қол жеткіздік. Бүгінде де біздің еліміз толеранттылық, келісім мен бір-біріне деген сенім негізінде алға қарай қадам басуда. Осыны жасай алған батыл халқымызға бас иемін", - деді Мемлекет басшысы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай