12 қазан 2018 12:24

"Біреулерде 4 пәтерден, ал біреуде мүлде жоқ" - ТҮҚЖБ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: damu.kz Сурет: damu.kz

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Facebook желісіндегі парақшасында мемлекеттік қызметкерлерге "7-20-25" бойынша тұрғын үй сертификаттарын беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Facebook желісіндегі парақшасында мемлекеттік қызметкерлерге "7-20-25" бойынша тұрғын үй сертификаттарын беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ибрагимованың айтуынша, Астанада білім беру, медицина және қауіпсіздік салаларында 37 102  адам жұмыс істейді. Олардың 9171 -і білім беру ұйымдарының, 4997-сі - денсаулық сақтау ұйымдарының және 2682-сі ішкі істер департаментінің қызметкерлері.

"Астанада білікті педагогтер жеткіліксіз, ал басқа қаладан келіп жұмыс істеп жүрген мұғалімдер өздерінің оқушыларының ата-аналары жалға беретін пәтерлерде тұруға мәжбүр.  (...) Бұл саладағы қызметкерлердің жалақысы тұрақты, бірақ өте аз. Баспана алу үшін алғашқы жарнаны тез арада жинауға мүмкіндік жоқ", - деп жазды Ибрагимова.

Сондай-ақ, ол осы санаттағы қызметкерлердің орташа есеппен айына 70-150 мың теңге алатынын айтып өтті.

"Осыған байланысты біз әкімдіктің белгілі бір талаптар қоюын ұсынамыз: баспанасы жоқ екенін және еңбек өтілін анықтайтын құжаттар болуы керек. Сосын ғана ол тізім іріктеліп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдеріне жолданады. Біз мұнда барлық сұрақ бойынша кеңес беріп, пәтер іздеуге көмектесеміз", - дейді банк басқармасының төрайымы.

Оның айтуынша, бұдан бөлек тұрғын үй сертификаттарын алуға үміткерлерге қосымша талап қойылады: ол адам үш немесе бес жыл уақыт сол салада жұмыс істеп, өзінің өңірінде білікті маман ретінде тіркелуі тиіс.

"12 миллион теңгеге несие алу үшін клиент 2 миллион 400 мың теңге жинауы тиіс. Олардың жағдайын жеңілдету мақсатында тұрғын үй сертификатының есебінен 1 миллион теңге түседі. Осылайша ол алғашқы 15 жылда ай сайын 83 мың теңге, ал қалған 10 жылда оның ай сайынғы төлемі 44 мың теңге болады", - деп есептеп көрді Ибрагимова.

Еске сала кетейік, осыған дейін мемлекеттік қызметкерлерге "7-20-25" бойынша баспана алу үшін миллион теңгеден берілетіні хабарланған болатын. "Баспана" Ипотекалық ұйымындағылардың мәліметінше, қазақстандықтарға жылдың соңына дейін 10 мыңдай сертификат тапсырылады.

"7-20-25" бойынша миллион теңге кімдерге беріледі?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети