Бірғаным Әйтімова саясатпен қош айтысқанын мәлімдеді

12 Тамыз, 20:56
0
Бірғаным Әйтімова саясатпен қош айтысқанын мәлімдеді -

Бірғаным Әйтімова Сенаттағы қызметінен кеткеннен кейін немен айналысатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұны мұны ойдағыдай қабылдаймын. Заң бойынша Сенат депутаттары Мемлекет басшысымен тағайындалып, мандаты аяқталған соң өкілеттігін тоқтатады. Мұның бәрі заңды негізде. Елбасыға, Президентке, Дариға Назарбаеваға карьерамның барлық кезеңінде мүмкіндік бергені үшін ризамын", - деді Бірғаным Әйтімова.

Экс-сенатор бизнеспен айналысып көргісі келеді екен:

"Менің өмірімде алғаш рет таңдау құқығым бар деп айтуға болады. Қазір мен қай бағытта қозғалатынымды айтуға дайын емеспін, бірақ бос қол отырмаймын. Менің жаным-тәніммен менің қабілеттерім мен мүмкіндіктеріме сәйкес келетін нәрсемен айналысамын. Менің мемлекеттік, саяси, дипломатиялық қызметте үлкен жұмыс тәжірибем бар. Өзімді жаңа бағытта сынап көргім келеді".

"Мен ешқашан бизнесте, сервистік, консалтингтік қызметтерде жұмыс істемедім. Қандай бағытта тоқтайтыным - әлі белгісіз. Жаһандық коммуникация мүмкіндіктерін пайдаланғым келеді", - деді Бірғаным Әйтімова.

Экс-сенатор қай жерде жұмыс істесе де әрқашан жауапты болуға және тек ел мүддесі үшін еңбек етуге тырысқанын айтты.

"Бар (мұң. - Авт.). Менің айтарлықтай маңызды саяси мансабым аяқталды деген сезім. Мұндай сезім бар. Бірақ мен бұған соңғы жылдары дайын болдым. Әр түрлі учаскелерде сонша жылдар бойы жұмыс істеп, Сенатқа тағы да оралдым, мен 1996 жылы алғашқы сенаторлардың бірі болдым. Мен үшін бұл үлкен абырой болды. Мен өз білімімді, тәжірибемді, шетелдік тәжірибемді заң шығаруда пайдалануға тырыстым", - деді экс-сенатор.

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар сенатордің өкілеттігін тоқтатқан еді. 

"Парламент Сенатындағы жемісті еңбектері үшін С.Громовқа, Б. Әйтімоваға, А. Бейсенбаевқа, Г.Кимге, Р.Қосдәулетовке, Р.Түсіпбековке зор ризашылығымды білдіремін", - деп жазды кейін Президент Twitter желісінде.

Бірғаным Сарықызы Әйтімова 1953 жылғы 26 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогика институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша ағылшын тілінің мұғалімі, заңгер. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангы бар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай