28 тамыз 2017 | 15:52

Бірқатар облыстың прокурорлары ауысты

© Тұрар Қазанғапов

28 тамыз 2017 жыл, Астана. Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Жақып Асановтың 28 тамыз 2017 жылғы  бұйрығымен бірқатар облыс прокурорлары тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

28 тамыз 2017 жыл, Астана. Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Жақып Асановтың 28 тамыз 2017 жылғы  бұйрығымен бірқатар облыс прокурорлары тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысы прокуроры лауазымына Игембаев Құсайын Абзалбекұлы тағайындалды.

Реклама
Реклама

Осыған дейін бұл лауазымда 2012 жылдан бері болған Бағбан Тайымбетовты Игембаев Құсайын ауыстырды.

Құсайын Игембаев 1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша аяқтаған.

Прокуратура органдарында әр кезеңде түрлі лауазымда болған. Олар: Жезқазған облысы Балқаш қаласы прокуратурасында аға тергеуші, Балқаш табиғатты қорғау прокурорының аға көмекшісі, Балқаш қаласы прокурорының орынбасары, Жаңаарқа және Бұқар жырау ауданы прокуроры, Қарағанды облысы Теміртау қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының орынбасары, Қарағанды облысы мен Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

2015 жылдан бастап Бас прокуратураның Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау департаментінің (бірінші қызмет) бастығы болды.

Қарағанды облысы прокуроры болып Сексембаев Марат Исламханұлы тағайындалды.

Марат Сексембаев 2016 жылдан бері осы қызметтегі Тілеуғалиев Ыбырай Әшімханұлын алмастырды.

Сексембаев М.И. 1979 жылы Торғай облысын Арқалық қаласында өмірге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Прокуратура, әділет және қаржы полициясы органдарында түрлі кызметтерде болды. 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болды.

2016 жылдан осы кезеңге дейін Бас прокуратураның Қоғамдық мүддені қорғау департаменті (үшінші қызмет) бастығы лауазымын атқарды.

Қостанай облысы прокуроры болып Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы тағайындалды.

Тимур Сүлейменов осы лауазымда 2012 жылдан бері болған Қайбжанов Марат Жолмағанбетұлын алмастырды.

Тимур Сүлейменов 1975 жылы Ресей Федерациясы Новосібір облысы Куйбышев қаласында дүниеге келген. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтаған.

Алматы қаласындағы прокуратура органдарында түрлі қызметте болған, оның ішінде Әуезов ауданы прокурорының орынбасары, Түрксіб ауданы прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары.

2013 жылдан бері Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында болды.

Ақтөбе облысының прокуроры болып Қайбжанов Марат Жолмағанбетұлы тағайындалды.

Бұл қызметте Марат Қайбжанов осы қызметте 2012 жылдан бері болған Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлын ауыстырды.

Қайбжанов М.Ж. 1965 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Р.А. Руденко атындағы Свердлов заң институтын бітірген.

Бірқатар басшылық қызметте болған. Олар: Қостанай қаласы прокурорының орынбасары, Қостанай және Меңдіқара аудандарының прокуроры, Қостанай облысы Лисаковск қаласының прокуроры, Бас прокуроратура Басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бастығының орынбасары, Департамент бастығы.

2012 жылдан осы кезеңге дейін Қостанай облысының прокуроры қызметін атқарған.

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуроры болып Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы тағайындалды.

Нұрғалым Әбдіров осы қызметте 2012 жылдан бері болған Иманов Ибраһим Әлжанұлын алмастырды.

Әбдіров Н.М. 1967 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Бөлім прокуроры, прокуратурада тергеуші, Теміртау қаласы прокурорының орынбасары, Қарағанды облысы Шет ауданының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Бөлім және Басқарма басшысы, одан соң Департамент бастығы болған.

2012 жылдан бері Ақтөбе облысының прокуроры лауазымында болды.

Жамбыл облысының прокуроры болып Иманов Ибраһим Әлжанұлы тағайындалды.

Ибраһим Иманов осы қызметте 2012 жылдан бері болған Сыбанкулов Ернат Мұханбетқалиұлын ауыстырды.

Иманов И.М. 1959 жылы Шымкент облысында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «пайдалы қазбалардың кен орындарын жерасты өңдеуді кешенді механикаландыру мен технологиясы» мамандығы бойынша және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарында тәжірибесі мол, оның ішінде басшылық лауазымдарда. Екібастұз қаласының прокуроры, Павлодар облысы Качир ауданы прокуроры, Павлодар, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыс прокурорларының орынбасары болған.

2012 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысы прокуроры қызметінде болды.

Атырау облысының прокуроры лауазымына Сыбанқұлов Ернат Мұхаметқалиұлы тағайындалды.

Ернат Сыбанқұлов осы қызметте 2012 жылдан бері қызметте болған Тоғызбаев Ғалымжан Исатайұлын ауыстырды.

Сыбанқұлов Е.М. 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Өз кезегінде көмекші қызметінде, Алматы қаласы Мәскеу және Медеу ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Түркісіб және Медеу ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы Еңбекшіқазақ, Алмалы және Медеу ауданы прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

2012 жылдан бері Жамбыл облысы прокурорының лауазымын атқарды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная