28 қазан 2015 16:57

Біріккен Араб Әмірліктерінде Назарбаев бейнеленген марка сатылымға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі © "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті бейнеленген марка Біріккен Араб Әмірліктерінде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті бейнеленген марка Біріккен Араб Әмірліктерінде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қазаннан бастап Қазақстан мен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған маркалар айналымға шығарылды. Пошталық маркаларда екі елдің басшылары - ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Аль Нахаян бейнеленген. Марканың атаулы құны 200 теңге, таралымы - 10 мың дана. Суретін салған - Қуат Ибрайшин, марка 4 бояулы және перфорациясы жоталы. 

Айта кетейік, шығарылым түрі - маркалы парақ. Парақтың өлшемі 140х105 миллиметрге тең, ал өлшемі - 28х35 миллиметр, марка "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басылып шығарылды.

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 1 қазанында орнатылып, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара түсінушілікке бағытталып келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети