28 қыркүйек 2019 17:11

Бірнеше қалада ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстанның бірнеше қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 25 метр күтіледі.

Петропавл қаласында 29 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.

29 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 29-30 қыркүйекте кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі.

Көкшетау қаласында 29 қыркүйекте түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 29 қыркүйекте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні секундына 18 метр. Түнде 30 қырқүйекте көктайғақ күтіледі.

 29 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23 метр сақталады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети