17 маусым 2019 11:26

Бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен бірнеше лауазымды тұлға қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Арыстан" қызметінің бастығы лауазымынан;

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқарудан;

Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметінен босатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети