14 қаңтар 2019 16:57

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Utv.ru © Utv.ru

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Жақын арада Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

15 қаңтарда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні секундына 23-28 метр болатын жел тұрады.

Шымкент қаласында 15 қаңтарда күннің соңында қатты жауын-шашын, тәулік бойы оңтүстік-батыстан 15-20, таңертең және күндіз екпіні секундына 25 метр желдің күшейеді.

Түркістан қаласында 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан 15-20, таңертең және күндіз екпіні секундына 25 метр болатын жел тұрады.

15-16 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метр, 15 күндіз, 16 қаңтарда түнде екпіні секундына 23-28 метр болатын жел тұрады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Тараз қаласында қатардың 15-і күндіз, 16 қаңтарда түнде оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей уақытта секундына 23 метр болатын жел болады деп күтіледі. Кей уақытта тұман болады.

Қатты жауын-шашынның түсуі болжамына байланысты 15-16 қаңтар Жамбыл, Түркістан  және 16 қаңтар Алматы  облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети