01 қыркүйек 2016 11:21

Бірінші сыныпқа барған әрбір шәкірттің өз ағаш көшетін отырғызуын ұсынамын - ОҚО әкімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген №54 жалпы орта мектебінің "Алғашқы қоңырау" салтанатты шарасына қатысып, жаңа оқу жылында шәкірттерге сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бүгін өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген №54 жалпы орта мектебінің "Алғашқы қоңырау" салтанатты шарасына қатысып, жаңа оқу жылында шәкірттерге сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Еңбектің ең үлкені - Білім! Жаһандану процесі барысында біз білім сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз. Биыл 73 мыңнан аса бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт мыңға жуық балаға көбейген. Мен облысымызда бірінші сыныпқа барған әрбір шәкірттің мектеп алаңына өз ағаш көшетін отырғызуын ұсынамын. Бұл жақсы дәстүрге айналса екен деймін. Әрбір оқушы өз ағашының көркейгенін көріп өссе, келешекте мейірімді, қоршаған ортаға жанашыр болады. Бұл да бала тәрбиелеудің бір амалы деп ойлаймын", - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Абай ауданына қарасты "Ынтымақ" шағынауданы халқының күн санап өсуіне байланысты бой көтерген жаңа мектеп 900 балаға шақталған. Заман талабына сай жабдықталып, балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын типтік оқу орны 3 қабатты. Мектепте 29 оқу кабинеті, химия, физика, биология лабораториялары, мультимедиялық-лингофондық, компьютер класы, кітапхана, мәжіліс және оқу залы бар.


© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети