10 қазан 2017 15:38

Біртанов қаза тапқан дәрігерлер ұшып бармақшы болған әйелдің қазасына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда науқастарды тасымалдауға жарамды ұшақтардың жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда науқастарды тасымалдауға жарамды ұшақтардың жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, 9 қазанда Шымкентте Алматы түбінде болған әуе апатынан қаза тапқан дәрігерлер баруы тиіс болған әйел көз жұмған болатын.

"Өкінішке қарай, әйел қайтыс болды. Біз тергеу жүргіздік, жағдайы қиын болды. Дәрігерлердің қазасынан кейін және оған дейін де осындай жағдайлар жөнінде онлайн кеңестер жүргізіліп отырды. Әйел тәулік бойы бақылауда болды. Шынымды айтайын, біздің күнделікті жұмыс осындай. Санавиациямен күніне алты рет ұшамыз, осылайша жүздеген адамның өмірін құтқарамыз. Санавиацияға жыл сайын 5 миллиард теңгеден аса ақша бөлінеді", - деді Біртанов.

Біртановтың айтуынша, бұл жерде науқасқа жүктіліктің қатерлі екені ескертілген.

Сондай-ақ, министр ведомство тасымалдаушыларға деген талапты қатаңдатуды жоспарлап отырғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта бірнеше ұсыныс қарастырылып жатыр.

"Елімізде науқастарды тасымалдайтын ұшақ жоқ деп айтуға болады. Әсіресе, жүкті әйелдерді. Ан-2 ұшағы ғана жақсы, ол күнделікті ұшады", - деді министр.

Сонымен қатар, министр қаза болған дәрігерлердің отбасына ақша жинап, көмек көрсету үшін арнайы шоттың ашылғанын айтып өтті.

"Министрлік тарапынан бюджеттен материалдық көмек көрсетпейміз, бірақ министрліктегі қызметкерлер өз еріктерімен бір күндік жалақыларын аударды. Бізден шоттың нөмірін сұрады. Жиналған ақшаның барлығы қаза болған дәрігерлердің отбасыларына аударылады", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети