07 ақпан 2014 12:18

Бішкекте Қазақстанның контрабандашылары ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Бішкекте Қазақстанның бірнеше жылдан бері іздеуде жүрген контрабандашылары ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап. Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталған. Оларға Қазақстанның мемлекеттік орган қызметкерлерінен және өзге де азаматтардан тұратын қылмыстық топ құрды деген күдік келіп отыр. Қылмыстық топтың барлығы 50-ден астам мүшесі болған. Тергеудің мәліметінше, олар 2007-2011 жылдары Қазақстаннан аса ірі көлемдегі тауарларды Қытаймен арадағы кеден шекарасынан заңсыз өткізумен айналысқан. Контрабандашылар жалған құжаттарды пайдаланыпты. Олардың әрекетінен Қазақстан қазынасына 1,5 млрд теңге шығын келген. Еліміздің құқық қорғау органдары бұл топқа қатысты екі қылмыстық іс қозғаған. 2011 жылы топ мүшелері елден қашып кетіп, Қырғызстан аумағына жасырынады. Содан кейін оларға Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети