Бішкекте құзға өрмелеуден Орта Азия чемпионаты өтті

07 Желтоқсан 2016, 22:14
0
Бішкекте құзға өрмелеуден Орта Азия чемпионаты өтті - © Қорғаныс министрлігінің сайты
© Қорғаныс министрлігінің сайты

Бішкекте құзға өрмелеуден Орта Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Турнирдегі біріншілікке үш пән бойынша 80-нен аса спортшы бақ сынасты. Чемпионаттың чемпиондары мен жүлдегерлері қатарына Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері кіші сержанттар Артем мен Никита Девятериковтар кірді.

ҚР ҚМ АОСК-ның спортшылары сайыс барысында жоғары нәтижелер көрсетті. Нәтижесінде кіші сержант Артем Девятериков "жылдамдық" пен "қиындық" деп аталатын сайыста екі алтын медальға қол жеткізді. Кіші сержант Никита Девятериков "жылдамдық" сайысында "қола" жүлдегер атанды.

 

Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары 10 жыл бойы Қазақстан Республикасының мықты құзға өрмелеуші спортшыларының үштігіне кіретінін айта кеткен жөн. 2007-2009 жылдар аралығында АОСК-ның спортшылары Азияның чемпионаттары мен біріншіліктерінен еліміздің қоржынын 12 медальмен толтырды. Әлем чемпионаттарының нәтижелері бойынша әлемнің он мықты спортшысы тізіміне кірді.

 

Енді спортшыларда Олимпиада аренасына шығуға барлық мүмкіншілік бар. Себебі, биылғы жылы Халықаралық олимпиадалық комитет 2020 жылғы Токиодағы Олимпиадалық ойындар бағдарламасына спорттық құзға өрмелеуді ресми түрде қосты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай