26 қыркүйек 2019 19:55

Бітіруші курсанттар жаяу әскердің жауынгерлік машиналарымен және танкілермен 100 шақырымға марш жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Құрлық әскерлері Әскери институты бітіруші курсының курсанттары өздерінің мамандықтары бойынша далалық практикалық сабақтардан өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Құрлық әскерлері Әскери институты бітіруші курсының курсанттары өздерінің мамандықтары бойынша далалық практикалық сабақтардан өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болашақ офицерлер іс жүзінде алған теориялық білімдерін пысықтап, әскери техниканы басқара алу шеберліктерін паш етті және су бөгеттерін ұрыс машинасымен еңсерудің барлық мүмкіндіктерін зерделеді.

Құрама экипаждар құрамында олар жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен Т-72 танкілерімен 100 шақырымдық марш жасады. Арнайы ол үшін әскери институттың оқу-жаттығу орталығында көрсетілімді сабақ ұйымдастырылды.

Жауынгерлік техникадағы марш  - бұл жолдар мен лекті жолдар арқылы взводтың немесе ротаның легі құрамындағы жай ғана жүріс емес. Ең алдымен, маршты жоспарлау және ұйымдастыру бойынша барлық дәрежедегі командирлердің жұмысы.

Курсанттар жауынгерлік машиналарды жүргізу, күрделі жағдайда маневрлеу, әртүрлі кедергілерді еңсеруде табандылық пен батылдықты паш етті.

"Маршты ұйымдастыру мен өткізуді зерделеу кезең-кезеңмен өтеді. Бірінші курста курсанттар бөлімше командирінің жұмысы көлемінде, екінші және үшінші кезеңде взвод және рота командирі көлемінде қажетті мәселелерді зерделейді. Болашақ офицерлермен 100 шақырымдық марш оқытудың соңғы төртінші курсында батальон командирі ауқымында өткізіледі", - деді Құрлық әскерлері Әскери институты оқу бөлімінің бастығы подполковник Жәнібек Сарғазин.

Практикалық сабақтар оқып-үйренушілердің тактикалық, атыс және әдістемелік машығын арттыруға ықпал ететінін, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізудегі қабілеттерін жетілдіретінін айта кеткен жөн. Курсанттар әскерлерге қызмет етуге жоғары деңгейдегі кәсіби дайындықпен, офицерлер үшін қажетті білім және дағдымен аттанады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети