Бүгін Астанада естірту дабылы қосылады

06 Наурыз 2014, 09:47
0
Бүгін Астанада естірту дабылы қосылады - Фото ©Даниал Окасов
Фото ©Даниал Окасов
Бүгін, яғни наурыздың 6-сы күні Астана қаласы аумағында естірту дабылы қосылады, Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспарға сәйкес бүгін Астанада республикалық "Көктем-2014" командалы-штабтық оқу-жаттығу басталған болатын. "Оқу-жаттығу шарасын өткізу барысында электрдабылы іске қосылады. Сол себепті тұрғындардан сабырлық сақтауын өтінеміз", - делінген ТЖД таратқан мәліметте.

Бұған дейін хабарланғанындай, естірту құралдары қаладағы әр аудан аумағында орналасқан биік ғимараттартың төбесіне қойылған.

Еске саламыз, Қазақстан ТЖМ биылдан бастап республика аумағында төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда естіртудің жаңа жүйесін енгізіп отыр. Мұндай естірту шарасы алдағы уақытта Астана мен Алматыдан бөлек, барлық 14 облыс орталығы, республикалық және облыстық маңызға ие 37 қала мен аудан орталықтарында жүзеге асырылатын болады.



  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай