24 шілде 2019 10:00

Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"24 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, солтүстік облыстарда кей жерлерде күшті болады. Тек республиканың оңтүстік бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі, дауыл болуы мүмкін", - деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар облысында, түнде және таңертең Ақмола облысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман және бұршақ күтіледі.

Маңғыстау, түнде Алматы, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда күн ашық болады деп болжанады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, күндіз 24 градус болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети