28 шілде 2019 09:02

Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© News.21.by © News.21.by

Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады - республиканың кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысында күн ашық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады - республиканың кей жерлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысында күн ашық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, дауыл, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте - түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында күн күркіреп, жел 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ болуы ықтимал.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ және жел 15-20 метрге дейін күшейеді, Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында күн күркіреп, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін,таңертең және күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қарағанды облысында күн күркіреп, жел 15-20 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең күн күркіреп, тұман түседі.

Түркістан және түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 метрге дейін күшейеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай және Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети