14 қыркүйек 2019 09:11

Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның басым бөлігінде 14 қыркүйекте күн ашық болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, кейбір облыстарда тұман түседі деп күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. 

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-20 метр секундына жел соғады.

Ақмола, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, сондай-ақ Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Атырау және Алматы облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети