23 қыркүйек 2019 10:15

Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2019 жылы 23 қыркүйекте аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылы 23 қыркүйекте аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, дауыл күтіледі, түнде солтүстік-батыста тұман күтіледі.. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күшейед, кей жерлерде найзағай күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Ақмола облыстаранда  түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күшейюі күтіледі, кей жерлерде найзағай күтіледі, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде жел 17-22, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-23 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейюі күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Ақтөбе облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Қарағанды облысында жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.

Алматы облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі    

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети