21 қазан 2019 10:00

Бүгін ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылы 21 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылы 21 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанның басым бөлігіне кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстік  және шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады, шығыста кей жерлерде - жаяу борасын, көктайғақ. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман күтіледі", - делінген хабарламада.                  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу борасын күтіледі, тұман, көктайғақ, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел секундына 15-23 метр күшейюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі

Түнде Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде үсік 1-3 градус күтіледі.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети