27 қыркүйек 2014 08:59

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жел күшейеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет fotogora.ru сайтынан алынды Сурет fotogora.ru сайтынан алынды

Бүгін, яғни 27 қыркүйек күні республиканың басым аймақтарында жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 


Бүгін, яғни 27 қыркүйек күні республиканың басым аймақтарында жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

"Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек батыс пен шығыс өңірде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады" - делінген хабарламада.

"Қазгидромет" РМК Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, түнде Атырау, күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғатынын, Жамбыл облысында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жететінін ескертеді. Алматы облысының кей жерлерінде 15-20 м/с-қа дейін жел соғып, найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін. Маңғыстау, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел тұрып, таңертең және түнгі мезгілдерде тұман түседі.

Сондай-ақ, батыста, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түндегі температура +5…+15оС шегінде болады, күндіз сынап бағанасы +12…+25оС дейін көтеріледі. Республиканың қалған аймағында түнде температураның +3…+13, 0…+5оС төмендеуі мүмкін. Ал еліміздің кей жерлерінде түнде 0…-5 оС аяз, күндіз температура +13...+25, +8…+18 оС болады деп болжам жасалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети