Бүгінде ислам әлемі халқының 55 пайызы сауатсыз - Ердоған

10 Қыркүйек 2017, 14:56
0
Бүгінде ислам әлемі халқының 55 пайызы сауатсыз - Ердоған - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ердоған Астанада өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі бірінші саммитінде ислам елдеріндегі халықтың білімсіздігі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Біз өміріміздің соңына дейін ұстауға кеңес беретін дінді уағыздаймыз. Ислам өркениеті - бұл ғылым мен білім. Мұсылмандар әлемдік саясатты алға тартқан уақытта олар білім мен ғылым және инновацияның орталығы болды. Мұсылмандар ғылым мен оқу зерттеуді екінші орынға қойған уақытта тоқырау кезеңі басталды", - деді Режеп Тайип Ердоған.

"Бүгінде ислам әлемі халқының 55 пайызы сауатсыз. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде білімге жалпы ішкі өнімнің 5,2 пайызы бөлінсе, ислам әлемінде бұл көрсеткіш бір пайызға да жетпейді. Біздің ең білімді, табысты балаларымыз батыс елдеріне кетіп жатыр, батыс ұйымдарында жұмыс істейді. Өкінішке қарай, біз ақпараттық технологиялар саласын өзіміз өндірмейміз, тек қолдануды білеміз. Бұл қауіпсіздік тұрғысынан бізді осал етеді. Мықты ел болу үшін білім саласын жоғары деңгейге көтеруіміз керек. Оларды өндіру қажет", - деді Түркия президенті. 

Ердоған Ислам ынтымақтастығы ұйымының аясында ислам мемлекеттері білімімен технологиялық жетістіктерімен және студенттер мен мұғалімдер алмасуды, университеттер бір-бірімен қызмет етуді дамыту керектігін айтты. "Бұған Түркия дайын", - деді Режеп Тайип Ердоған. 

ИЫҰ ғылым және технология жөніндегі бірінші самитінде ғылым, технология және инновация саласындағы артықшылықтары анықталады. Осы идеяны 2016 жылы Ыстамбұлда ИЫҰ саммиті кезінде Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. 

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінде осы ұйымға 57 ел мүше, жалпы халық саны - 1,2 миллиард адам. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИЫҰ-ның басшысы - Бас хатшы, ал атқарушы органы - Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар. 2011 жылға дейін Ислам конференциясы ұйымы деп аталған. Астанада өткен 38 сесияда атауы өзгертілді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай