"Бұл болмашы қадам" - Сарапшы Атамбаевтың "кешірім сұрауы" жайында

18 Қазан 2017, 12:01
5
"Бұл болмашы қадам" - Сарапшы Атамбаевтың "кешірім сұрауы" жайында - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. © REUTERS
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. © REUTERS

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 18 қазанда "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Kaktus Media.

Қырғыз елінің басшысы өнімін басқа елдер арқылы да, мысалы Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан арқылы сата алатынын атап өтті. Сонымен бірге, ол тату көршілік қатынастардың да маңызына тоқталды.

"Қазақстан президенті жайлы эмоциямен айтқаным теріс болды-ау. Осы күндері бұл мәселе жайлы ойландым. Қазақстан Президент айналасындағыларға сенеді, ал айналасындағылар - олигархтар. Ол да мен сияқты сенгіш адам шығар", - деп мәлімдеді Атамбаев.

Оның айтуынша, "Қазақстандағы олигархтар Назарбаевтан кейін не болатынын және өз ақшасын қалай сақтап қалуды ғана" ойлайды. "Мен әрдайым көршілермен ағайынды ретінде қарым-қатынас болғанын қалаймын. Барлық көршімізбен тату өмір сүруіміз керек. Кейде біз төзімділік танытуымыз керек шығар, бірақ тәуелсіздігімізді әрдайым қорғауымыз керек", - деді ол.

Қырғызстан президентінің мұндай мәлімдемесін "кешірім сұрады" деп түсінуге бола ма және неліктен енді ғана мұндай сөз айтылып отыр? Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты сыртқы саясат бойынша жобаларды ұйымдастырушы Асқар Нұршаның пікірін сұрап білді.

"Қырғызстанның президенттіктен кетіп жатқан басшысы біздің қарым-қатынасымыздағы жағдайға жауапкершіліктің басым үлесін алады. Оның ішінде, ол Қырғызстанның өзінде де қоғамдық пікір қысымын сезген шығар, себебі қырғыз экономикасы белгілі бір қиындықтарға тап болды", - дейді Нұрша.

Саясаттанушы Атамбаевтың бұл жағдайда мәселені шешуге талпынғанын, бірақ бұл талпыныстың әлі де сенім ұялатпайтынын айтады. 

"Ішінара кешірім сұраса да, ол жауапкершілікті әлі де Қазақстанға, Президенттің айналасына артып қоймақшы, осымен қатар ол қырғыз-қазақ шекарасымен қатар басқа да елдердің барын, солар арқылы қырғыз тауарын шығаруға болатынын айтып отыр. "Кешір, ашуға берілдім, бірақ негізінде сен өзің соған себеп болдың, мен одан арандап қалдым" дегеней болып отыр. Мұнда Бабановпен кездесу туралы айтылып отырған сияқты. Меніңше, Атамбаев дұрыс қадам жасады, алайда бұл әлі де кішігірім қадам", - деп қорытты ойын саясаттанушы.

Еске салайық, қазан айының басында, Қырғызстандағы сайлау қарсаңында бірқатар қырғыз БАҚ-тарында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың мемлекеттік сыйлықтарды тапсыру рәсімінде Қырғызстанға "қазақстандық билік таңып отырған" жетекшілер жайлы пікір білдіргені жазылған еді. Ал кейін ҚР СІМ Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасаған еді.

Бақытжан Сағынтаев Атамбаевтың пікіріне қатысты арнайы мәлімдеме жасады


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай