14 тамыз 2019 16:46

"Бұл мақтаныш сезімін оятады". Сағынтаев алматылықтарға алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов © Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін болған төтенше жағдай кезінде көмек көрсеткен алматылықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әкімі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін болған төтенше жағдай кезінде көмек көрсеткен алматылықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әкімі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Айтуынша, қазіргі уақытта Наурызбай ауданындағы жағдай тұрақты.

"Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, қаламыздың коммуналды қызмет бөлімшелері жедел әрі нақты жұмыс жасады, сол үшін оларға рақмет айтамын. Көмектерін ұсынған барлық ізгі ниетті жандарға жеке алғысымды білдіремін. Осындай сәтте біз қаланың құрыштай берік екенін көрсеттік. Ал бұл мақтаныш сезімін оятады. Рақмет сіздерге, құрметті алматылықтар!", - деп жазды Алматы әкімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Дүрлігуге себеп жоқ - ТЖД өкілдері Алматыдағы сел жайлы

Еске салайық, бүгін таңертең Алматы маңында сел жүргені жайлы хабарланған болатын. "2019 жылы 14 тамызда Наурызбай ауданында сел жүрді. Халықты хабардар етіп үлгердік. Зардап шеккендерді жинау пункттері мен эвакуациялау пункттері бекітілді. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Әуезов және Алатау аудандарында Қарғалы өзені арнасынан төмен тұрғындарды хабардар етеді. Қаланың барлық қызметтері жұмылдырылған, жақын маңдағы елді мекендер үшін қауіп жоқ", - делінген еді ТЖД хабарламасында.

Кейінірек қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың оқиға орнына барғаны хабарланған болатын

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети