05 сәуір 2019 17:05

"Бұл мәселе жақын уақытта қаралмайды". АҚШ елшісі визасыз тәртіп енгізу жайлы

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уилиам Мозер қазақстандықтарға визасыз тәртіп енгізу жайлы өз ойын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уилиам Мозер қазақстандықтарға визасыз тәртіп енгізу жайлы өз ойын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Визасыз тәртіпті енгізу біз үшін қиын мәселелердің бірі. Себебі бұл Американың заңдарына тікелей қатысы бар. Қазақстан тарапы бұл үшін кейбір талаптарды орындауы керек. Меніңше бұл мәселе жақын уақытта қаралмайды", - деді елші журналистермен кездесу барысында. Оның сөзінше, 2018 жылы 20 мың қазақстандық 10 жылға виза алған. "Осындай көлемде беретін басқа елді табыңызшы", - деді ол.

Уилиам Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі. 27 наурызда ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырды.

Оның алдындағы елші Джордж Крол 2018 жылы елшілік қазақстандықтарға Америкаға кіру мүмкіндігін жеңілдететінін жоспарлап жатқандығын мәлімдеген. 2018 жылдың басында АҚШ-қа барған сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Америка президенті Дональд Трампқа америкалықтар секілді, қазақстандықтар үшін де визасыз тәртіп енгізуді сұраған.

"Қазақстан америкалық азаматтарға визасыз тәртіпте елге кіруге рұқсат берген, сол секілді біз де сіздер тараптарыңыздан осындай жауап күтеміз. Екі ел арасында әуе бағыты ашылып жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Америка президенті Дональд Трампқа кездесу барысында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети