Қазақстандық заңгер Марат Бәшімов Конституцияның 26-бабына өзгерту енгізуді талқылау мәселесі айналасындағы дауды біреулер қасақана қыздырып отыр деп пайымдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық заңгер Марат Бәшімов Конституцияның 26-бабына өзгерту енгізуді талқылау мәселесі айналасындағы дауды біреулер қасақана қыздырып отыр деп пайымдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы бойынша комиссияның сараптама кеңсесі басшысының орынбасары бұл туралы "Жекеменшік құқығын қорғау" мәселесін талқылауға арналған дөңгелек үстелдің үзілісінде айтты.
"Қазір әлеуметтік желілерде митинг жайында түсініксіз дау жүріп жатыр. Конституцияны ашыңыздар - 12-баптың 4-тарауын. Ол жерде: "егер заңмен көрсетілмесе шетелдіктер Қазақстан республикасының азаматтарымен тең құқылы деп жазылған. Ал заң бойынша шетелдіктерде жерге құқығы жоқ. Ол жерде керісінше, тыйым салынған. Ал бәзбіреулер мәселені ушықтырып отыр", - дейді Марат Бәшімов.
Заңгер мұның алдында Конституцияға өзгертулер енгізілудің себебін түсіндірген Серік Ақылбаевтың сөзімен келісетінін айтты. "Ақылбай да айтты: жер мемлекет меншігінде болады". Бізде Жер кодексі реттелген. Қазір жер телімдерін шетелдіктерге беру туралы сөз мүлде болмады", - деп атап өтті ол.
Заңгер 26-бапқа енгізілетін өзгертулер шетелдіктердің мүлікке деген құқы ғана қазақстандықтармен тең болатынын түсіндіре кетті.
"Кез келген заңгерден сұраңыз, ол "азамат" деген сөз "әрбір" дегенге біра ғана жағдайда ауысатынын айтады. Өйткені шетелдіктер ҚР Конституциясының 12-бабы бойынша Қазақстан азаматтарымен мүлік сатып алуда ғана тең құқылы болады. Мәселен, шетелдік көлік, үй, қайық, ау сатып ала аладыжәне мұның бәрі оның меншігі болады. Бірақ жерден басқасы, өйткені заңда "заңмен қарастырылмаса" делінген. Ал Жер кодексі - бұл заңды күші жоғары акт, ал онда шетелдіктер жер сатып ала алмайды деп анық жазылған. Оның үстіне, халық қалауы да солай: "Жер - ұлттық құндылық". Қазақстандықтар жер үшін қатты алаңдайды, сондықтан, жер ешқашан шетелдіктер қолына өтпейді", - деді заңгер.
"Бұл дау әсерлендірілген. Ал заң тұрғысынан келер болсақ, кез келген заңгер шетелдік ешқашан жер сатып алмайтынын айтады. Ол жалға ал алады, онда да сауда мен белгілі бір заң шарттары негізінде", - деп аяқтады сөзін Марат Бәшімов.