01 шілде 2017 16:17

Бурабайда жұмыртқадай болатын бұршақ жауды: 6 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ашық дереккөздерден алынған сурет Ашық дереккөздерден алынған сурет

30 маусымда түстен кейін Ақмола облысы Бурабай ауданының территориясында тауық жұмыртқасындай көлемде бұршақ жауды. Зардап шеккендер бар, оның арасында балалар да бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


30 маусымда түстен кейін Ақмола облысы Бурабай ауданының территориясында тауық жұмыртқасындай көлемде бұршақ жауды. Зардап шеккендер бар, оның арасында балалар да бар, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Аудандық "Авиценна Бурабай" емханасының бас дәрігері Алма Құрманованың айтуынша, алты адам әр түрлі дене жарақатымен медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккендердің бірі ауданның 55 жастағы тұрғыны ауруханаға жатқызылды, оның миы зақымдалған. Тағы екі адамның аяғы сынған, олар амбулаторлық көмекке жүгінді. Жарақат алғандардың қатарында балалар да бар: 2003, 2005 және 2010 жылдары туған. Оларды ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартты. Тағы екі адам жеңіл жарақат алған. Олар үйлеріне қайтарылды. 

 

Өз кезегінде Ақмола облыстық ТЖ департаментінің өкілдері ауа райы осындай болады деп күтілгенін, алайда бұршақтардың мұндай көлемде түсетінін күтпегенін айтады. Қазіргі уақытта жылжымайтын мүліктері бүлінгендердің арызы қабылданып жатыр. Шығын мөлшері есептеліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети