18 наурыз 2017 19:49

Бүркіттің әкімгері: Салықшылар осындайды жазғанға ұялмай ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eventbook.kz © eventbook.kz

Қазақстандық әнші Бүркіттің әкімшісі Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері көлік салығы бойынша 151 мың теңгедей қарызы бар деген хабарламаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Бүркіттің әкімшісі Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері көлік салығы бойынша 151 мың теңгедей қарызы бар деген хабарламаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көлік салығы жыл соңына дейін төленеді. Былтырғы жыл үшін алдын ала толықтай төленген, ақпанда. Неге болмайтын нәрсемен айналысады? Басқа істейтіндері жоқ па? Әлде Бүркітте салық төлейтін 150 мың теңге жоқ деп ойлайсыздар ма? Бүркіт бәріне дұрыс қарайды, онікі дұрыс. Олар шетелде болатын, қазір қала аралап гастрольдік сапарда жүр. Үлгермеген болар. Келеді - төлейді. Алып бара жатқан ештеңе жоқ қой. Неге осылай істейді? Халық жауын тапқандай", - дейді әншінің әкімшісі Марат. 

Оның айтуынша, әртіс салықшылармен жанжалдаспайды.

 

"Не қажеті бар. Бүркіт пен Аиша мекенжайын ауыстырған. Хабарландыру келмеген болар. 150 мың теңге үшін бүкіл елге жар салудың не керегі бар? Бұрын ешкім салық төлемейтін, ол кезде Бүркіттің қарызы миллиондай болып қалған. Ол уақытта көліктер үлкен болды, 6,2 литр. Ол барды да төледі. Онда тұрған ештеңе жоқ. 150 мың теңге - не ол. Сөз бе екен? Салықшылар осындайды жазғанға ұялмай ма? Өздері туралы ескертіп қою керек, сосын осылай етеді", - дейді ол. 

Әкімшінің сөзінше, Бүркіт былтыр жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. 

"Қозғалтқыш көлемі үлкен - 3,9 литр, сондықтан осындай сомма шықты. Бізде салық артып келеді ғой. Екі жыл бұрын 4 литрлі қозғалтқыштар үшін 70 мың теңге болатын. Жеке кәсіпкерлікті өзінің атына ашты. Салықшылар дүрыс істеген жоқ, этикаға жатпайды. Ол тізімде 250 мың адамның аты-жөні бар. Белгілі адамды бірінші қылып қойған", - деп аяқтады Марат. 

Еске салайық, Қазақстандық әншілер Бүркіт, Бейбіт Қорған және Тастан Асылбек салық органдарында ірі көлемде қарызы бар адамдар ретінде тіркелген. Көлік саласы, жер және мүлік салықтарына 7 миллиард теңгеден аса қарызы бар 250 мыңнан аса физикалық тұлғаның тізімі жасалды. Сондай-ақ, тізімде отандық әншілеріміз де бар. Мысалы, Бейбіт Қорғанның көлік салығы бойынша 178,6 мың теңге қарызы бар екені анықталды.

Сонымен қатар, бұл тізімде әнші Бүркіт (шын аты - Айбек Жансейітов) бар. Оның көлік салығы бойынша 151 мың теңгедей қарызы бар. "Сұңқар" тобының солисі Тастан Асылбек болса, салық органдарына 17 960 теңге қарыз екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети