Бұрынғы Мәжіліс депутаты Қазақстан астанасының кері тұстарын көрсетті

14 Шілде 2017, 09:10
1
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Қазақстан астанасының кері тұстарын көрсетті - © youtube.com/ТАНИРБЕРГЕН
© youtube.com/ТАНИРБЕРГЕН

Бұрынғы Мәжіліс депутаты, бүгінде танымалдылыққа ие болған YouTube-блогер Тәңірберген Бердоңғар Астана қалалық қоқыс орнында болды. 

"Аяғым қоқысқа белшесінен батты, иісі мұрын жарады. Экологиялық технологиялар іске асырылмағанда біздің планетамыз осындай болады. Көріп тұрғанымыздың барлығы қоқыс. Қалада көрме өтіп жатыр, ол бүкіл әлемді жасыл технологиясымен қызықтырады, алайда қалдықтарды қайта өңдеу мәселесімен айналысу қажет", - дейді ол өзі көрген қоқыс алаңында тұрып. 

Видеоның авторы "Астана Ветсервис" мекемесінің территориясын көрсетті, онда қаңғыбас жануарларды алып келеді. Бұл жерде иттерді 60 күн ұстап, сосын өлтіреді. "Достар, мына сүйкімді иттермен қоштасып қалыңыздар, себебі тура бір айдан соң олар өмір сүруін тоқтатады. Оларды өлтіреді. Егер мұндай болмасын десеңіз, ерікті қыздарға жазыңыз. Сізде итті үйге алып кетіп, оның өмірін аман алып алуға мүмкіндік бар", - деді Бердоңғар. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай