06 ақпан 2017 18:19

Бұрынғы вице-министр "Қазпоштаны" басқаратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазпошта" АҚ басшысы болып Сәкен Сәрсенов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Акционерлік қоғамның жаңа басшысы бүгін компания ұжымына таныстырылды.


"Қазпошта" АҚ басшысы болып Сәкен Сәрсенов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Акционерлік қоғамның жаңа басшысы бүгін компания ұжымына таныстырылды.

"Бүгін Сәкен Сәрсенов "Қазпочта" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Еліміздің ақпараттандыру және телекоммуникация саласын дамытуға үлкен үлес қосқан майталман маман - Сәкен Сейтжаппарұлы өзінің жылдар бойғы тәжірибесін жаңа қызметте де тиімді пайдаланарына сөзсіз сенімдімін.
Құттықтаймын!", - деп жазды министр Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында.


© Facebook/Дәурен Абаев

Сәрсенов Сәкен Сейтжаппарұлы 1977 жылы 2 ақпанда дүниеге келген. 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік авиация институтын "Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері" мамандығы бойынша бітірген. Екінші жоғарғы білімін "Құқықтану" мамандығы бойынша Еуразиялық гуманитарлық институтында алды.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацилар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің жетекші маманы ретінде мемлекеттік қызметке тұрды. 2000 жылдың қараша айы мен 2003 жылдың қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" РМК ақпаратты қорғауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды.

2003 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылдың сәуір айы мен 2009 жылдың қазан айы аралығында "Қазақтелеком" АҚ-ның электрондық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2009 жылдың қыркүйегінен бастап 2010 жылдың 30 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2010 жылдың наурыз айы мен 2012 жылдың қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігінің вице-министрі. 2014 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың 18 тамызы мен 2016 жылдың 21 мамыр айының аралығында Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы, ҚР Инвестиция және даму министрлігінің вице-министрі.

2016 жылдың 21 мамырынан ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі. ХҚКО, электрондық үкімет, ақпараттандыру және байланыс салаларын дамыту бойынша жұмыс істеді. Еске салайық, "Қазпошта" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 2017 жылдың 25 қаңтарында басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің өкілеттігі тоқтатылды. "Қазпошта" басшысы міндетін Сәуле Егембердиева атқарған болатын. "Қазпоштаның" 33 жастағы бұрынғы басшысы Бас прокуратураға ауысты. Ол ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқаратын болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети