Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

БҰҰ Қазақстанға электронды үкіметті дамытуға көмектеседі

01 Қазан 2014, 12:30
0
©atiten.com
©atiten.com

БҰҰ Қазақстанға электронды үкіметті дамытуға көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжіліс "Қазақстан үкіметі мен БҰҰ арасындағы техникалық ынтымақтастықтың мақсатты қоры туралы Келісімді ратификациялау" туралы заң жобасын мақұлдады.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында айтылғандай, келісімнің мақсаты - электронды үкімет және мемлекеттік басқару саласында әлеуетті арттыру, электронды үкіметті дамыту тәжірибесін дамушы елдерде насихаттау, "ақылды басқару мен ақылды үкіметті ілгерілету" жөнінде мүдделі тараптар, оның ішінде, саясаткерлер, халықаралық және аймақтық ұйымдар, ғылыми қауым мен жеке сектор өкілдері арасында ынтымақтастық пен аймақаралық тетіктерді дамытуды күшейту.

"Келісімді іске асыру құны - 500 мың доллар, ол ҚР "2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңында қарастырылған", - делінген қорытындыда.

Келісім мақсатына жетуде елдердің электронды үкімет бойынша озық тәжірибесі, үрдістер, шешімдер бойынша жоғары басшылықтың білімдерін жетілдіру және жоғары басшылықтың алған білімдері мен тәжірибесін электронды үкіметті дамытудың инновациялық стратегиясын жасауға бейімдеу үшін олардың міндеттемелерін жаңарту көзделіп отыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай