25 қыркүйек 2020 13:20

Бюрабекова Денсаулық сақтау министрлігінен кету себебін және коронавирустың жаңа толқыны туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz тілшісі бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабековамен байланысқа шықты. Әңгіме барысында ол қызметінен неге кеткенін, Қазақстанда жаңа локдаун қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты.


Tengrinews.kz тілшісі бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабековамен байланысқа шықты. Әңгіме барысында ол қызметінен неге кеткенін, Қазақстанда жаңа локдаун қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінен кетуі

Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау министрлігінен кету туралы шешімге "саналы" түрде келгенін айтты.

"Менеджмент саласында былай дейді, белгілі бір жерде үш жыл жұмыс істегеннен кейін басқа бір нәрсе жасау керек. Денсаулық сақтау министрлігінде үш жыл жұмыс істедім. 2017 жылдың тамызында Фармация комитетіне келдім, кейін оны қоғамдық денсаулық сақтау комитетімен біріктірді.

Үш қызмет, санэпидемиологиялық қадағалау, медициналық және фармацевтикалық бақылау бір комитетке біріктірілді. Содан кейін олар қайта құрылды.

Кей сарапшының айтуынша, бірлесіп жұмыс істеген жақсы. Бірақ қазіргі жағдайда, пандемияда, бұл негізі бар шешім, санэпидемиологиялық қадағалауды жеке қызметке бөлді, оны шынымен күшейту қажет.

Шынымды айтсам, біз тоғыз ай тәулік бойы жұмыс істедік, эпидемиологтар да сөйтті. Оларға қиын болды, кейбір әріптестерімізден айырылдық", - деді Людмила Бюрабекова.

Оның пайымдауынша, санэпидемиологиялық қадағалауды күшейту керек, эпидемиологтар жалақыны және жабдықтарды көбейту керек, әсіресе коронавирус инфекциясының екінші толқыны болған жағдайда.

Жаңа толқынмен күресуге дайындық

Сондай-ақ, Людмила Бюрабекова коронавирустың жаңа толқынына дайындық және алғашқы карантин тәжірибесі туралы айтты. Ол қазақстандықтар әлемнің көптеген елінде болған оқиғаларды бастан кешіргенін түсіндірді. 

"Біз карантинді қатты әлсіреткен кезде, мамырдың соңында, адамдар бәрі аяқталды деп ойлап қалды, жаппай қарым-қатынас басталып, әлеуметтік байланыстар артты, нәтижесінде ауру жұқтырғандар көбейді.

Сонымен қатар, дәстүрлі көктемгі инфекциялар, сол тұмау, парагрипп қабаттасты. Бұған дейін барлығы үйде отырды және бұл инфекциялар маусым мен шілдеге қалды", - деп түсіндірді Бюрабекова.

Оның айтуынша, қазір барлығы барынша дайын: төсек-орын қоры мен материалдық жабдықтау, рентген, жасанды тыныс алдыру аппараттары, компьютерлік томографтар, дәрі-дәрмектер. "СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы бөлшек дәріханаларды дәрі-дәрмектермен толтыру құқығына ие болды, бұған дейін мұндай мүмкіндік болмаған. "СҚ-Фармация" қоймаларында жатқан дәрілер ауруханаларға арналған еді.

Людмила Бюрабекова адамдар дәрі-дәрмектерді жаппай сатып ала бастаған кезеңді, парацетамол, антибиотиктер, сондай-ақ коронавирус инфекциясына әсері жоқ болып шыққан "Ингавирин" препараты сөрелерде таусылған кезді есіне алды, айтуынша, мұндай әрекеттер негізсіз. 

"Мұндай пандемиямен ешкімде тәжірибе болған жоқ. Бір жерде, мүмкін, жұмыс толық ойластырылмаған шығар. Бізде сатып алынған дәрілердің санына қарай науқастар болған жоқ. Наурыз, сәуір, мамырда барлығы қатаң карантинде отырды, дәріханаларда сатылым болған жоқ, сұраныс төмендеді. Бұл жеке бизнес болғандықтан, біз сатуды, оның ішінде тауар әкелуді реттемедік. Импорт төмендеді, өйткені барлық шекара жабылды, әр ел өз-өзіне қалды.

Сұраныс төмендеді, импорт төмендеді, ал карантин жеңілдеген кезде КВИ ғана емес, вирустық инфекциялар да өсті, аздап дүрбелең (дәрі-дәрмек сатып алу) пайда болды. Бір жерлерде ақпараттық жұмысты дұрыс атқармадық, өйткені барлық күш COVID-19-бен күреске бағытталды, мүмкін сол кезде тек COVID-19 емес, сонымен қатар қарапайым вирустық инфекциялар да бар екенін көбірек түсіндірген жөн болар еді", - деді экс-вице-министр.

Оның айтуынша, қиын кездерде олар ДДҰ ұсыныстарына сүйене отырып, интуитив түрде жұмыс істеген. Қазақстанда жаңа толқын қарсаңында бірнеше сценарий әзірленді.

Ең қарапайым және оптимистік нұсқасы - халық санитарлық дезинфекциялық режимді сақтайды, бетперде тағады, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі төсек қорын бақылап отырады. Мұның бәрі маска тағу режимі қалай сақталатынына және маусымдық аурулардың қабаттасуына байланысты.

"Жақсырақ сценарий - қазан, қараша және желтоқсан айларының соңы. Үміт үзілмейді. Бұл бізді айналып өтеді деген үмітеміз. Бірақ біз ең нашар сценарийге дайындалып жатырмыз", - деді спикер.

Локдаун қайта бола ма?

"Науқастар ауруханаға жатқызылып, төсек-орын қорының 70 пайызы толғанда, "қызыл шам" қосылады, біз вирустың таралуын тоқтату үшін барлық басқа ресурсты жұмылдырамыз.

Бұл шілде-тамыз айларында болған сол карантин, локдаун. Ондайда амбулаториялық және стационарлық кезеңде емдеуді барынша қамтамасыз етеміз", - деп түсіндірді Бюрабекова.

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина

Егер COVID-19-ға қарсы вакциналар туралы айтатын болсақ, Қазақстан Оксфордтың, Ресейдің дамуын бақылап, отандық өнімді дамытып жатыр. Бюрабекованың айтуынша, қазақстандық вакцина қауіпсіз.

"Мысалы, Оксфордтық вакцина. Ол әлдеқашан дайын болды, клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне өтті, бірақ одан кенеттен кері әсер пайда болды.

Біздің вакцина бұрынғыдан өзгеше. Оксфордтық және ресейлік вакциналарда аденовирус, біріншісінде - шимпанзе аденовирусы, екіншісінде адам аденовирусы қолданылады. Бізде белсенді емес вакцина бар. Біздікі тек алғашқы клиникалық сынақ кезеңінен өтті", - деді Бюрабекова.

"Отандық ғалымдар ұсынған нәтижелер бойынша оны неге жасамасқа? Біздің ғалымдарымыз шетелдіктерден жаман емес, біз оларды қолдамасақ, онда олар шетелге кетіп қалады. Бүгінгі таңда нәтижелер жаман емес. Біздің вакцина қауіпсіз", - деді ол.

Толық сұхбатты мына сілтемеден оқи аласыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети