20 ақпан 2018 12:03

Былтыр Қазақстаннан 20 мыңнан аса білікті маман кеткен - Зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылы Қазақстаннан 20 мыңнан аса білікті маман кеткен, - деп хабарлайды Finprom.kz сарапшылары.


2017 жылы Қазақстаннан 20 мыңнан аса білікті маман кеткен, - деп хабарлайды Finprom.kz сарапшылары.

Сарапшылардың мәліметінше, елден көбіне техника саласының мамандары, экономистер және педагогтар кеткен.

Зерттеудегі нақты мәліметтерге сүйінетін болсақ,  жалпы 2017 жылы 37,7 мыңнан аса маман кеткен. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25,3 пайызға көп екен.

Сондай-ақ, Қазақстаннан кеткен білікті мамандардың басым бөлігінің (33,7 мың) ТМД елдеріне кеткені айтылады.

"2017 жылы Қазақстанға келген білікті мамандардың саны - 5 мың ғана. Бұл 2015 жылға қарағанда 15 пайызға кем. Елден кеткен мамандардың ішінде техникалық саладан - 6,6 мың адам, экономика саласынан - 3,6 мың және педагогикалық мамандықтардан - 2,3 мың адам кетті. Ал техникалық салаға келген мамандардың саны - 1,3 мың, экономика - 841 және педагогика - 718 мың адам", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети