24 наурыз 2019 | 14:18

"Біз барынша үнемді жолды таңдаймыз" - Бақыт Сұлтанов елорда атауын өзгерту туралы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі қала атауын өзгертуге қатысты пікірін білдіре отырып, барлық баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар мен басқа да атрибутиканы бір күнде ауыстыру міндетінің тұрмағандығын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. .


Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімі қала атауын өзгертуге қатысты пікірін білдіре отырып, барлық баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар мен басқа да атрибутиканы бір күнде ауыстыру міндетінің тұрмағандығын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. .

"Ең алдымен, біз мемлекеттік бюджет үшін барынша үнемді жолды таңдайтын боламыз. Баннерлер, маңдайшалар, хабарландыру мен басқа атрибутиканы бір күнде ауыстыру міндетін біздің алдымызға ешкім қойып жатқан жоқ. Қаланың "Астана-Арена", "Астана-Опера" сияқты нысандары, спорттық клубтары өз атауларын өзгертпейді. "Астана" сөзі бәрімізге ыңғайлы. Ол мемлекеттің елордасы деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде елорда тұрғындарын «астаналықтар» деп атайды. Біз оларды орыс тілінде де бұрынғыдай атауды ұсынамыз", - деді Сұлтанов.

Сонымен қатар, ол әлемдегі көрнекті мемлекеттік қайраткерлердің есімімен аталатын бірнеше қаланы мысалға келтірді.

"АҚШ сияқты алып мемлекеттің астанасының өзі де елдің Тұңғыш президентінің есімімен аталған. Сондай-ақ, Хошимин, Санкт-Петербург, Джорджтаун сияқты дүниежүзінде ондаған қала бар", - деп атап өтті ол.

Елорда әкімінің айтуынша, ел астанасының ескі атауы жазылған жеке және заңды тұлғалардың ресми құжаттары өз күшін жоймайды. ХҚКО-на барып, оларды ауыстыру қажет емес.

"Құжаттар тек олардың мерзімінің өтуі немесе жоғалуы себептерімен ғана ауыстырылады", - деп мәлімдеді Сұлтанов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойған-ды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети