01 мамыр 2016 12:13

Біз бірліктің арқасында мемлекет құрдық - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республика тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республика тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Алматыдағы "Астана" алаңына жиналғандарға бірліктің арқасында халқымыздың ішкі, сыртқы жаулардан ұлан-ғайыр жерімізді сақтап қалғанын айтты. "Сол бірліктің арқасында Тәуелсіздікке жеттік. Мінекей, Алматыда жарияланған сол Тәуелсіздіктің бүгін 25 жылдығын атап өткелі отырмыз", - деді Мемлекет басшысы.

"Осы жылдардың ішінде Қазақстан дүниежүзіне белгілі болды, жаңа ұрпақ тәрбиеледік, өсірдік, Жаңа Астанамызды салдық. Қазақстанның әрбір түкпірі адам танымастай өзгерді", - деп қосты ол.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Алматының дамуы жөнінде де айта кетті. "Алматыда көліктің көптігі қиындық туғызады. Дегенмен, елдің ауқаты болмаса мұндай жағдайға жетпейтін едік. Біздің Алматы қазір Риммен бірдей, жүре алмайсың", - деді Президент.

Елбасы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне де тоқтала кетті. "Осы жылдардың ішінде үш дағдарыстан өттік. Туымыз БҰҰ-ның қабырғасында желбіреп тұр. Еліміз тыныш, жұртымыз аман. Тыныштығы жоқ елдің не болып жатқанын білесіздер. Біздің ішіміздегі тыныштық бірліктің арқасында. Абайдың сөзі еске түсіп отыр: "Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети